14.03.2022
  270


Автор: Нұрлан Оразалин

Жасыл кеште...

Жасыл кеште...
Жасыл көлде... (Айып па?!)
Жұлдыз жайлы шерттік бір сыр қайықта.
Сенің үнің...
Жырға қанат бітірді,
Адам түгіл, қалып қойды Ай ықта...
Өзгелердің шолпысы мен сырғасы,
көзді арбайтын алтын, жақұт, тұнбасы
тең келмеді сенің со бір күлкіңе...
Жүрек сөзін,
Жаным!
Жаным, тыңдашы!
Сенің үнің...
Сенің әнің өзге екен.
Саған теңеу таба алмадым сөз бөтен:
шын махаббат Айды ықтырар сәтте екен,
Сүйісетін...
Түйісетін кезде екен...
қараша, 1968 жыл.





Пікір жазу