14.03.2022
  136


Автор: Нұрлан Оразалин

Бозторғай үнді жыршы...

Бозторғай үнді жыршы әлем,
толқыдым неге мұнша мен?
Сағынып Тәңіртауымды,
жолдадым таңға бір сәлем...
Көзімде көк түн іркіліп,
көзінде түннің жыр тұнып;
саулады келіп бір сезім,
кеткендей көгім жыртылып.
Желдейін сиқыр-сыңсыған,
сынаптай көзден ыршыған,
сапырды келіп кеудемді
тумысы бөлек сыршыл ән.
Жетелеп үміт сан қырды,
шақырды нөсер, жаңбырды...
Ұлы қаланың аспаны
Жырменен жаңа жаңғырды.
сәуір, 1968 жыл.





Пікір жазу