14.03.2022
  118


Автор: Нұрлан Оразалин

АСЫЛ БАБА

«Қиналғанда атын шақыр...
Райымбек Атаң көмекке келеді», –
дейтін әжем марқұм.



Көзді жұмсам...
Елестер қалпың маған,
ай қылыштай аспанда жарқылдаған.
Ерлігіңді есті ұрпақ есте сақтап,
ұмытар ма өткенін сарқылмаған?!.
Басыңа кеп сиынсам – жалқынданам,
ерекше боп түрленер алтын ғалам.
Дәуірлердің төрінен ұсынардай
ерлік пенен елдіктің салтын Далам.
Көздерінде от ойнап, дала мұңы,
әжем марқұм айтатын бабам ұлы...
Қара шалдар жырласа аңыз етіп,
сілкінгендей болатын ғалам үні.
Атыңды айтсам...
Көк пен жер тыңдағандай,
қолын үнсіз тауларым бұлғағандай.
Жыр болып кеп кеудесін қозғаушы еді
ұрпағыңның жүрген бір сырға қанбай?!.
 Алдыңа кеп тәу еттім...
Басымды идім.
Бір сұрапыл... Кеудеме жасын құйдың.
Әруақтанып кеткендей болдым, Баба!
Естігендей сарынын ғасыр-күйдің.
25 қазан, 1967 жыл.





Пікір жазу