14.03.2022
121
Сағындым иiсiн...
Сағындым иiсiн аршаның,
бiр сезiм бойда бар желiккен;
лекция тыңдаудан шаршадым,
қызықсыз дүние нелiктен?!
Қызықсыз көше де, қар да аппақ,
қызықсыз қаланың кешi де;
қызықсыз атады арбап таң,
мәз болып күлейiн несiне?!
несiне ой тоқып қиналам,
ойларым тыңдалар болмаса?!
Мына кең ғаламға симаған
ақындар ақын ба тоңбаса?!
Шаршадым, шалдықтым тыңдаудан,
қаланың салтынан жалықтым.
Кетсем бе алыстап мұң-даудан,
жыр iздеп төрiне тамұқтың?!
Сөз тыңдар болмаса пенде егер,
ойымды кiмге мен арнаймын?!
Жаныма батады шөңгелер,
шөңгелер – пенделер...
Бар қайғым...
желтоқсан, 1966 жыл