14.03.2022
159
Мен күрсіндім...
Мен күрсіндім...
Қас пен көздей – бұ тірлік,
көрдім сенің жанарыңнан күпірлік.
Өмір дейтін алдау екен бір-бірін,
алдап-арбап әңгімені бітірдік.
Күрсіндім мен...
Болмысыммен қиналып,
көкіректен көшкен сынды күй налып.
Жалынымыз неге сөнген ертелеу,
неге біздер бір қалаға сыймадық?!
Мен күрсіндім...
Үнсіз іштей егілдім,
қара түннің құшағына көмілдім.
Жүрек дейтін ақ сарайдың оты өшіп,
елестеді көз алдыма не бір күн...
Қараңғы түн...
Ойым, сөзім адасты.
бір әзәзіл құйысқандап, жанасты.
Көкбазардың бұрышынан қараңғы
бір сұрқия тергеп мені, «бал ашты...»
Қынабынан жарқ еткендей қанжары,
арбап мені «жалған досым» алдады.
Тәнім таза...
Жаным таза...
Ой күңгірт...
«Жалған сөзі» жүрегімді қандады...
31 тамыз, 1966 жыл.