14.03.2022
168
Сағыныш – ғажайып күш бiлем....
Сағыныш – ғажайып күш бiлем,
көңiлдiң жаңа атқан бүршiгi;
жөңкiлген жұмыр жер үстiмен
тынымсыз жүректiң дүрсiлi.
Сағыныш – қараша құстары
қара күз көгiнде көлбеген;
жанымның жабыққан тұстары
сезiмге шөлiркеп, шөлдеген.
Сағыныш – шалқыған жыр көгi,
алқынған ойлардың екпiнi,
мазасыз дүние дүрмегi,
айырар тексiз бен тектiнi.
Сағыныш – сезiмнiң қияғы,
қиялдың бесiгiн тербеген.
Сен барда кеудеме сияды
аспан да, қайың да,
жер де, емен...
желтоқсан, 1965 жыл