14.03.2022
  114


Автор: Нұрлан Оразалин

АНАМА

Мен жоқта желменен сырласпа,
жүрегiм желдi күн жылаған.
Жазбақ боп тумысы жыр басқа,
жаза алмай жастыққа құлағам.
Айтатын арман көп әлi де,
Сен жәйлi бұл жырым – бастама;
бастама сөзiмнiң бәрi де,
басылар күнi ертең баспаға.
Айтамын бiр сөздi қиылып:
«Жанымда сен еккен жаз қалсын.
О, Ана! Кеудемнiң күйiн ұқ,
сол күймен жүректер маздансын!..»
Сол күймен саналар оянсын,
толқысын аппақ Ай төбемде;
омырау жаспенен боялсын,
тiл бiтсiн қарағай, еменге.
Мен жоқта желменен сырласпа,
мен саған желсiз де жетемiн.
Жазылар көп әлi жыр басқа,
тербетер тауымның шетенiн.
Мен саған желсiз де жетемiн.
қазан, 1965 жыл.





Пікір жазу