14.03.2022
  266


Автор: Нұрлан Оразалин

Бүлдірген тере барғанда...

Бүлдірген тере барғанда,
естідім үнін үкінің,
қол созып алғаш арманға,
жырладым таудың бітімін.
Жүректі келіп баураған,
шалқытты түнде күз әні;
тамыз түнінде, жаураған
көкпенен бұлттар ұзады.
Арманшыл едім о бастан,
қиялды қуған кезім көп;
көгілдір түн мен көк аспан
тербеді жанды сезім боп.
Түн ауып, тауға таң күлді,
күз әні баяу қырды асты.
Үздігіп арман жаңғырды,
жеткізбей киік-жыр қашты...
27 тамыз, 1965 жыл.





Пікір жазу