14.03.2022
  152


Автор: Нұрлан Оразалин

Құстар қайтты...

Құстар қайтты...
Қара суық, күз келді...
Қуып нөсер, таумен бұлт ұзады.
Көктемді іздеп алданбаймыз біз де енді,
күздің селі өткелдерді бұзады.
Қазандағы жыл құсындай алыстап,
қара жолды бетке ап қырға шығармыз.
Қоржын үйлер...
Қалар ауыл, таныс бақ,
ауған бұлттай көздің жасын сығармыз.
Армандардың қанатында жолды ырғап,
Солай, досым...
Өткелдерді бұзамыз.
Туған дала,
Туған таулар қол бұлғап,
қалар үнсіз қыз-дүние, қыз-аңыз...
қазан, 1965 жыл.





Пікір жазу