14.03.2022
  130


Автор: Нұрлан Оразалин

* * *

Көгілдір түнде –
көк аспан,
жұлдыздар көкте тұр тұнып;
кеудеме қонып,
кеудеммен менің сырласқан,
жылт еткен үнсіз
жұлдыздың көзі – нұр-тұнық.
Көгілдір түнде –
көк шынар,
қай жаққа қарап тұр екен?
арманы, сірә,
оны да күткен көп шығар,
сағына күткен
жұлдызым қайда жүр екен?!
тамыз, 1965 жыл.





Пікір жазу