14.03.2022
  152


Автор: Нұрлан Оразалин

ТАСҚЫН

 
Махаббатын сұраған
Айдан сұлу, таңдардан,
суға кетті бір адам,
жер үстінде қалды арман.
Таудың соғып өкпегі,
жер-әлемді қозғады;
тасқын алып кетті оны,
сүйіктісі боздады...
Жаңғыртты зар жапанды,
дойыр көктен жай ұрды.
Тағдыр қандай қатал-ды,
қос ғашықты айырды?!.
Қайғы жанды қозғады,
жас дарақты сындырды.
Жылады ана, боздады,
Жар жағадан шыңғырды...
Бақағаш пен аспанды,
қозғады зар Талдыны.
Жүректерден жас тамды,
көкте түннің қалды үні...
маусым, 1965 жыл.
*1961 жылы жазда Тәңіртаудың сілемдерінде қатты су тасқыны
жүрді. Соның бірі – Бақаағаш ауылының іргесіндегі сайда болды.
Анасын қуантып, жарын таныстыру үшін алып келе жатқан бозбала
жігіт сол тасқынға кетіп өледі.





Пікір жазу