14.03.2022
128
* * *
«Жетемін» деп қанша белді бусаң да,
Дала – жүйрік...
Жеткізбейді қусаң да.
Малды ауылдың төрт түлігі барады,
тұмсық тығып изен менен жусанға.
Жеткізбейді көктемдегі қырларым,
жеткізбейді сәуір-қанат жырларым.
Бал күнімнің көзіндей боп бұлаңдап,
Дала – жүйрік...
Жеткізбейді сырларым.
мамыр, 1964 жыл.