14.03.2022
106
* * *
Аяз суық, буып қырды,
жел сапырды көшені.
Жүрегімді буып тұрды
дос өкпесі кешегі.
Көңіл төрі көктем еді,
мына қыстың ұзағы-ай...
Досым неге өкпеледі?
Көкпен үнсіз ұзады Ай...
қаңтар, 1964 жыл.