14.03.2022
  109


Автор: Нұрлан Оразалин

* * *

«Ауылдың жаны терең сай...»
Жәудіреп тұнған жыр қандай?!
Дүние неткен көркем, сай,
қол созып аспан тұрғандай...
Жұлдызы жарық түндерім,
құшағы көктің жаюлы.
Шөмеле жиған күндерім,
түседі еске Аюлы.
Түседі еске Ешкілік,
қалың қарағай шеттегі,
шақыратындай кешкілік,
Көнежайлақтың көктеуі.
Құйылып көктен бір арман,
«тасыған өзен гүрілдеп...»
Қол созатындай мұнардан
махаббат, сезім дірілдеп.
жаз, 1963 жыл.





Пікір жазу