14.03.2022
122
* * *
Сүмбе – жердің төресі,
туыстарым мұнда бар.
Жайдары, жайсаң ел осы,
ойың мен сөзің тыңдалар.
Нұрахметтің көзі деп,
нағашылар шығады.
Сыйлықтарын аямай,
қойныма әкеп тығады.
Темірбектей атам бар,
Есенбайдай жыршым бар.
Алған елден батам бар,
бұйырса, түбі жыр шыңдар...
жаз, 1962 жыл.