14.03.2022
  125


Автор: Нұрлан Оразалин

* * *

Мен даладан тілек іштей сұраймын,
тауға қарап, таусылып жыр құраймын.
Ақын болып жүруді шын қалаймын,
өлеңіндей өлең іздеп Абайдың.
Құлагердің шабысындай шабысты,
тау суының ағысындай ағысты,
азамат боп ер жетуді ойлаймын,
түбі соған бір жетемін, қоймаймын.
Жүрегімде – туған жердің гүл өңі,
аталар мен аналардың тілегі.
Асқары көп, арманы көп шақырар
туған елдің болсамшы бір түлегі...
13.06.1962 жыл.





Пікір жазу