14.03.2022
  132


Автор: Нұрлан Оразалин

Ертегідей ерте көктем...

Ертегідей ерте көктем...
Анам мені еркелеткен,
Әкем маған тай мінгізіп,
хиялымды көркем еткен.
Ертегідей ерте көктем...
Әжем мені еркелеткен,
Атам маған аңыз айтып,
өмірімді ертегі еткен.
Ертегідей ерте көктем...
Жүрегімді өртеп өткен.
Тәңіртауды жырға бөлеп,
сезім қылын шертеді еппен...
Ертегідей ерте көктем...
наурыз, 1969 жыл.





Пікір жазу