14.03.2022
  279


Автор: Рафаэль Ниязбек

КӨЗ ТУРАЛЫ

Ертеде, көне заманда
Қасірет қанша жол алған.
Қор болып талай жаманға
Асылдар қанша тоналған.
 Айтайын енді мен несін,
Сұмдыққа жаны құштар ма?!
Болыпты біреу біреуді
Өлтіріп жатқан тұстар да.
Кімді-кім жатты өлтіріп,
Көрсе де ешкім көрмеген.
Аяғын көктен келтіріп
Ұстап та және бермеген.
Бұрқана соққан желі өктем,
Кез бопты сондай қауіпті.
Жұрт сосын бұған кенеттен
Бір амал ойлап тауыпты.
Қалың ой шырмап, алжасып
Қашанғы тұрсын аялдап,-
Өліктің көзін қалса ашып
Беріпті бәрін баяндап.
Себебі бұл көз шыңдардың
Атынан ылғи сөйлесін.
Өлтіріп кеткен сұмдардың
Қалған ғой сақтап бейнесін.
Болыпты сондай қырлы кез –
Оқ борап ұшқан мылтықтан.
Сол шақта бұл көз – нұрлы көз
Жаралған жалғыз шындықтан.





Пікір жазу