14.03.2022
  130


Автор: Рафаэль Ниязбек

ІНІГЕ СЫР

Аталы өңір өсірген нар шынармын,
Мүмкін әлде арайлы таң шығармын.
Тірі өмірде жүргенім анық болса,
Өлең деген өмірде бар шығармын.
Бағың жансын
Жұлдызды шырақ қылған,
Бақ құйылып жатады жырақ қырдан.
Арлы азамат болуың ғажап та емес
Өз арыңнан өзіңді сұрап тұрған.





Пікір жазу