14.03.2022
  135


Автор: Рафаэль Ниязбек

ТАҒЫ ДА ҰРПАҚ СӨЙЛЕЙДІ


Қанша бассам жастықпен отты барып,
Сонша мәрте тас шоғы өтті қарып.
Ұшқын ба әлде жанардан ұшқан сонда
Аққан сонау жұлдыздар көкті жарып.
Дүниенің бұрышын кезіп келген,
Жұлдызымның кезі жоқ өшіп көрген.
Өйткені мен жан емен
Асқақ рухы
Қызыл шақа кезінде бесікте өлген.
 Жақсы менен жаманды жүре көрген,
Бұл өмірге жігітпін күле келген.
Тал бесікте жатқанда
Жан дүнием
Бабалардың рухы боп түрегелген.





Пікір жазу