14.03.2022
130
ҰРПАҚ СӨЗІ
Тоқсан тарау арада жыл өттіріп,
Ұшырған-ды мені елім түлеттіріп.
Шапса егерде тауыңды қақ айырар
Қаба қанжар қайратым білек түріп.
Саулығымды тіле, Айым,
Тіле, Күнім,
Солғын тартып сембесін жүрек-үнім.
Анам мені бірі етіп туған шығар
Дүниенің ақ қаптал тірегінің.
Ұшқанымда қияға түлеп қырдан,
Шырақ қылған мені елім, жүрек қылған.
Мен емес деп, күнім-ау, кім айтады
Дүниенің бір шетін тіреп тұрған.
Жігерімді құм қылма тасқа салып,
Қандай өмір бастармын басқаша анық.
Мен көтерген аспанның құлары хақ
Өз орнымнан мені егер тастаса алып.