14.03.2022
  128


Автор: Рафаэль Ниязбек

ТЫҢ ТӨСІНДЕ ЖАУҒАН ҚАР


Қара бұлт шығып апты мінбесіне,
Суырылып жөнелердей түнде есіле...
Осылай алай-түлей күн боратып,
Қар жауды жапалақтап тың төсіне.
Бейне енді ақ айдынға батқандай қыр,
Алысқа арман қуып аттанбай тұр.
Шебер – қол құс-аспанды іліп қойып,
Ақ ұлпа жүнін жұлып жатқандай бір.
Қарашы ойлы көзбен анықтап көп,
Сырына, жырына да қанықпақ боп.
Ақ ұлпа жерге ақырын қонып жатыр
Ақ қанат көбелектей қалықтап кеп.
Таң атты –
Айналаға жарық кезеп,
Тыныпты жел де әлгін де қағып безек.
Сонымен тысқа шықсам
Бір шебер қол
Тастапты жер бетіне мамық төсеп. .......
***
Жұлдыздардан еншіңе шырақ тиіп,
Жүрсің, жаным, арнаңа бұлақ құйып.
Кремплинді тасташы –
Бұйым боп па
Далаға шық,
Далаға шуақ киіп.
 Бірдей қарап туған ел жер, көгіне
Көз салғайсың арлы Өмір - өрнегіне.
Ақша бұлты аспанның жөргегі еді,
Нәрестемді орап ал жөргегіне.
Жаным, еркем, несіне тосыласың,
Ұлым неге бұлақ боп жосымасын.
Ай – қылышты басына жастай салшы,
Әлдеқандай дыбыстан шошымасын.





Пікір жазу