14.03.2022
96
ОН ТӨРТ ҒАШЫҚ
Сері өлкенің жонына нұр шашылып
Жатқан кезде
Жетер ме мұнша асығып.
Айып па, айтшы?
Жеті өзен жеті ару боп
Жеті алыптың мойнына тұрса асылып.
Киліккенді көлденең қиып түсіп,
Шыға кепті бір сәтте биікке ұшып.
Жұрт көзінен қымсынбай
Тұр ғой әлі
Он төрт ғашық бір-бірін сүйіп-құшып.
Тағдырына айналып қилы істердің,
Он төрт ғашық –
Жонында түйісті өрдің.
...Сонан ба әлде тым ыстық болатыны
Ұзақ-ұзақ от құшақ сүйістердің.