14.03.2022
111
ЖЕТІ ӨЗЕН
Өлке емес ол тегі тұл, заты жалған,
Өшпестей боп тарихта аты қалған.
Жетісу – жеті өзен ғой
Сұм жаулардың
Жолын кесіп көлденең жатып алған.
Қайғы, мұңын өзгенің өткен көрмей,
Жаулар қайдан келмекші шеттен келмей.
Алтауынан өтсе де,
Жетінші өзен
Тұрыпты ылғи оларға өткел бермей.
Жетінші өзен өн бойын алтындаған,
Талай зұлым ғұмырды тақымдаған.
Тереңіне батырып жұта сапты
Жағасына жау болса жақындаған.
/Жүрген біреу болмаса ел шетінде,
Тарих қанша..
өзеннің келбетінде./
Сондықтан да заңды ғой
Сан мың жаудың
Моласының қалмауы жер бетінде.