14.03.2022
  103


Автор: Рафаэль Ниязбек

ЖЕТІ ҚАМАЛ

Тәңіріден өлке бұл сұрап алған,
Болып еді қай кезде мұра жалған.
Жетісу – жеті қамал от құрсанып,
Туған жердің төсіне тұра қалған.
 Барады деп ойлама қызық құрып,
Ерлік жайлы сөз алса қызып тұрып:
Алтауынан өткен жау
Кете алмаған
Жетіншісін бәрібір бұзып-кіріп.
Өр өлкені жүрген кім көжек көріп,
Сыртқы елдер ме сандалған өсек теріп?!
Жетісу – қазақ болса,
Ал қазақтар
Тек жеңіспен үйренген есеп беріп.





Пікір жазу