14.03.2022
  118


Автор: Рафаэль Ниязбек

ЖЕТІ АРҒЫМАҚ

Қия-құздан өлке ғой қыраны асқан,
Гүл көмкеріп бөктерін, қына басқан.
Жетісу – жеті шылбыр
Жеті арғымақ
Атырылып кермеден жұла қашқан.
Жарыса өрлеп құба бел, жонға бәрі,
Шырқап сонау кетіпті жолдан әрі.
Жүйріктігі болар ма
Жүрген сынды
Жеті арғымақ ұстатпай содан әлі.





Пікір жазу