14.03.2022
  121


Автор: Рафаэль Ниязбек

АРУ – ДАЛА

Көкірегінен көк өзен ағытқасын,
Көрмепті әлі, көрмепті қағып қасын.
Айналаны адалап шолып тұр-ау,
Асқақ қарап Алатау – алып басың.
Ару-далам, мәңгілік тұрақтасың,
Өзің ғана болыпсың шырақ та, асыл.
Бұл жалғанда сұлу жоқ сенен өткен
Қанатқа ұсап қиылған бұлақ-қасың.
Жаралғалы арындап Арға ұмтылған,
Ару-далам, сонан ба жарқын тұлғаң.
Алтын алқаң ақ мұхит болса егерде,
Жалт-жұлт еткен айдын көл – алтын сырғаң.
Ару-далам, ақынсың жыр шалқытқан,
Жыр шалқытқан, жүйріксің қыр, жолды
ұтқан.
Мойныңдағы алуан өзен-моншақ,
Алтын өзен секілді нұр толқытқан.
 Көріктісің сонан ба, көріктісің,
Алтын тісің – ақ қайың,
Берік тісің.
Сұлулықтан жаралған ару-далам,
Сұлулыққа әлі де жерікпісің?!
Жаулар бар ма кеудеңе оқ атпаған,
Оқтар қанша жүзіңді жолақтаған.
Ару-далам, асылсың,
Не бір қилы
Кезеңде де сымбатын жоғалтпаған.





Пікір жазу