meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  14.03.2022
  215


Автор: Рафаэль Ниязбек

КӨЗІМ МЕНІҢ

Төрелік күтіп келсеңдер,
Сеніңдер әр кез сөзіме.
Өтірік айтты десеңдер
Қараңдар тура көзіме.
Өтірік айтқан жоқ кезім,
Қалса да кейде нұр қайтып.
Жарқырап жанып от көзім,
Шындықты ғана тұрды айтып.
Әлемнің барлық шындығы,
Сенсеңдер менің көзімде.
Қарсы ұшам ажал мылтығы
Атыла берген кезінде.
Жұртқа сен, сенбе... өзің біл,
Көзге сен, достым, бірақ та.
Жататын таза сезім бұл
Сылдырап айтар бұлақ та.
Сезімге жалған беріліп,
Ауытқып кетпен өзім де.
Не айтсам, бәрі көрініп
Тұрады менің көзімде.
Сынымды жүрмен кетіріп,
Төбемнен құдай ұрған ба.
Айтамын қайтіп өтірік
Қос көзім жанып тұрғанда.





Пікір жазу