14.03.2022
  191


Автор: Рафаэль Ниязбек

ҚАЙРАН ӨМІР

Өмірсің-ау тереңнен бұлақ алар,
Тұлпар жүрек жақсыдан мұра қалар.
Құлан жонды аланың тауларындай
Көп емес-ау байқаймын Нұр-ағалар.
Тартсам ба екен алысқа көсіле бір,
Алсын мені құба жон, есіне өңір.
Асылдарды көбірек жаратуға
Несіне өмір тарылдың, несіне өмір.
Алсам ба екен мен әлде есемді өрден,
Қашан ғана көріп ең кеселді ерден.
Көселерді көбірек жараттың-ау,
Ақыл-ойдың атасы - көсемдерден.
Қайран өмір!
Өмірсің қасиетті,
Кең арнаңда талайлар тасып өтті.
Бар адамды жайсаң ғып жаратсаң ғой,
Тартпас ең-ау өзің де қасіретті.





Пікір жазу