13.03.2022
  127


Автор: Абдрахман Асылбек

Мен кіммін?

Мен ерке лақ едім,
Анадан бір-ақ едім.
Еркетай мінезіммен
Бөбекке ұнап едім.
Мен мөлдір бұлақ едім,
Шатқалдан қалап едім.
Сұлу саз, сырлы үніммен
Тәтті әуен құрап едім.
Мен жасыл құрақ едім,
Жайқалып тұрар едім.
Жағымды жырларыммен
Жастарға ұнап едім.
Мен биік шынар едім,
Шыңдарға шығар едім.
Саналы сөздеріммен
Қарттарға ұнап едім.
Мен жарық шырақ едім,
Өсектен жырақ едім.
Адалдық, әділдікпен
Баршаға ұнып едім.
Мен көпшіл ұлан едім,
Қажырлы қыран едім.
Елімнің есендігін
Алладан сұрап едім.





Пікір жазу