13.03.2022
  103


Автор: Абдрахман Асылбек

Менің анықтамам

Кісінің аттамаған ала жібін,
Момақан Ұлы жүздң баласымын.
Тарайтын төрт арысты Ошақтыдан
Тасжүрек – Сейіт ата саласымын.
Жетісу жеті өзеннің саласымын,
Тікелей таныр болса – Таласымын.
Аралап ағып келем әлі күнге,
Сіңіріп санама мол дала сырын.
Алдыңда ақтарылған бар асылым,
Қазақтың кең пейілді баласымын.
Қысылма, қымтырылма, қалауыңды айт,
Өзіңе бересімін, аласымын.
Кісінің аттамаған ала жібін,
Момақан Ұлы жүздің баласымын.
Қашанда құшақ жайып қарсы аламын,
Орта мен Кіші жүздің ағасымын.
Адамның керек емес аласының,
Топ-топ боп тартысатын таласының.
Отырсақ өрімдей боп, бөлінбей көп,
Жырымыз таппайды ма жарасымын?





Пікір жазу