13.03.2022
151
Қарқара
Қарқара – бағы жанған жер,
Бабалар ізі қалған жер.
Қарсы кеп орыс патшаға,
Албандар атой салған жер.
Мұқағалидай ақынның
Жырлары қанат жайған жер.
Қырғыздар келіп тойда бір,
Бөскенде кеуіп, әйда бір:
«Кенесарыларың қайда жүр?
Қалдырдық басын сайда бір», –
Дегенде, Албан ерлері
Отырған бөсіп төрдегі
Қырғыздың манаптарын да,
Нөкерлерін де жанында
Ат құйрығында сүйретіп,
Қабырғаларын күйретіп,
Кененің кегін алған жер,
Қарқара – жыр боп қалған жер.