13.03.2022
  107


Автор: Рафаэль Ниязбек

ТЕМІРҚАЗЫҚ

Сапарымның жасармын жоралғысын,
Көрсетеді өзі де жол арғысын.
Бастайтұғын құлшынып мені алысқа
Темірқазық, жолбасшым болармысың.
Туған жердің жазы мен қысына да,
Бірдей қарап гүл ұсын қызына да.
Темірқазық, жол нұсқап тұрғандайсың
Ала қанат аспанның құсына да.
Талқан болып тоғаны ағытылған,
Жаралдың ба ақынның шбытынан.
Бір қарап ап өзіңе жол табады,
Адасқанда кемелер бағытынан.
Тұрғандайсың көгімде сырға қанып,
Жер бетінің тірлігін жырлап анық.
Бір қарап ап өзіңе...
Өзендер де
Ағады екен айдынын нұрға малып.
Жалғыз ғана жарығы көз ілгенде,
Тастайды отқа ойланбай өзін пенде...
Бір қарап ап өзіңе...
Безген екен
Жау қолынын босаған боз інген де.
 Темірқазық, жүргем жоқ құсаланып,
Өз жайлауын самалым құшады анық.
Бір қарап ап өзіңе...
Сағынғанда
Елге қарай жүрегім ұшады алып.
...Бір-бірімен найза ұшы тоғыспасын,
Деп ойласаң адамдар соғыспасын,
Темірқазық, өзіңе бір қарап ап,
Жаулар атқан тек қана оқ ұшпасын.





Пікір жазу