ТАЙТӨБЕ
Сұңғыла ғасырлардың көзін көрген,
Шежіре қарт шығарсың сөзің мерген.
Төбеңе жай түссе де дір етпейсің,
Табиғат саған қандай төзім берген.
Тайтөбе, тоңдым бірге тоңғаныңда,
Өзіңмен толдым бірге толғаныңда.
Тайтөбе, қыранбысың
Қалып қойған,
Даланы бүрмек болып қонғаныңда.
Қазандай қайғың бардай сезілмеген,
Қарақшы сияқтысың көз ілмеген.
Нар қоспақ інгенсің бе
Ботаңды іздеп,
Жапанда жалғыз қалып безілдеген.
Мінезің жоқ еді ғой ала қашпа,
Сырыңды айтып желге далаға ашпа.
Жел тисе сауырыныңа жер тарписың,
Байлаулы тұрған аттай мама ағашта.
Сол маңның табанға сап шайыр шымын,
Қарайды көк жүзіне айыр шыңың.
Тұрсың ба әлде өмірі тойынбаған,
Дорбасы сияқтанып қайыршының.
Шөктің бе көкірегіңе күйік толып,
Үздің бе үмітіңді қиып толық.
Бұл қалай Тайтөбе боп аталуың
Тұрсаң да кей таулардан биік болып.