13.03.2022
118
СВЕТОФОР
Машиналар сағатына жүз өткен,
Бұрылыстарды светофор күзеткен.
Бұл болмаса бір-біріне соқтығып,
Бақшаларды жайпар еді біз еккен.
Осындайға тап келіп қап жас адам,
Жер қойнында жатыр сондай қазадан.
Кілт тоқтатты,
Светофор жарқылы,
Шыға келген машинаны тасадан.
Командир – ол.
Бұйрығынсыз жүрсін кім,
Сол орайда емен болып бір сындым.
Машинаға түсіп өлген інімді,
Ойлағанда сілкінтіп жер күрсіндім.
Қайсар қанат содан болар кетілді,
Ал қазір мен ой ойлаймын не түрлі.
Светофор...
Световор сондықтан,
Дүниенің көз жанары секілді.