13.03.2022
120

* * *
Асаудың ойнап өскен құлағында,
Мен батыр жауынгермін тұрағында.
Әйелім – алтын қынап, балам – семсер,
Семсерім жатыр әзір қынабында.
Жүргем жоқ әр тойымды сыңар тойлап,
Жасымнан бой түзедім шынар ойлап.
Жатпайды алтын кездік қап түбінде,
Бір күні ақ семсерім шығар ойнап.