meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  13.03.2022
  192


Автор: Рафаэль Ниязбек

* * *

Дүниені кезгем жоқ мен құралмай,
Сөзімді елге жүргем жоқ сендіре алмай.
Өлтірсе де әкемді...
Кетіпті жау
Ошағымнан отымды сөндіре алмай.
Сонан ба әлі кеудемде жыр селдейді,
Қаһарымнан жау қорқып бүрсеңдейді.
Содан бері әкемнің көзіндей боп,
Біздің үйдің шырағы бір сөнбейді.





Пікір жазу