13.03.2022
  223


Автор: Абдрахман Асылбек

Шынарына жеткендей биік таудың

Шынарына жеткендей биік таудың,
Мен өзіңді өмірлік сүйіп қалдым.
Сен де мені бағалай білем десең,
Сонда ғана балбырап ұйықтармын.
Гүлдендіріп жүргенмен бұл ғаламды,
Сен өзіңнің білмейсің шын бағаңды.
Сендей қызы қазақтың бола берсін,
Бір сен үшін ағытам жырлап әнді.
Нұр дидарлы жүзіңе таласып нұр,
Жарқын мінез жайдары жарасып тұр.
Қаса сұлу қазақтың асыл қызы,
Бір Құдайым өзіңе қарасып тұр.





Пікір жазу