13.03.2022
128
Сенің елесің
Елестейді сенің бейнең жұмбақты,
Арасынан түнгі жанған оттардың.
Саябырлап қала жолы ырғақты,
Жаныма жай бір рахат боп қалдың.
Ақылымнан танып қала жаздаймын,
Тәнім қызып, қаным тулап бойымда.
Сенің жаққан түнгі отыңнан маздаймын,
Жалғыз ғана өзің болып ойымда.