13.03.2022
  94


Автор: Абдрахман Асылбек

Өз қолыңда тағдырым

Әрбір сәтім алтын
Өзінменен өткен.
Жаймашуақ жарқын
Көңілім – гүл көктем.
Сүйдім деген сөзің
Күткен лебім көптен.
Күлімдеген көзің
Шұғыласын төккен.
Бұл дүние тылсым
Ертегі боп кеткен.
Әсем бір ән-үнсің
Ғарыштан кеп жеткен.
Періштемсің ақ нұр
Ұшып келген көктен.
Өз қолыңда тағдыр
Алла бұйрық еткен.





Пікір жазу