13.03.2022
  135


Автор: Абдрахман Асылбек

Бір өзің

Жаным, сенің алай-түлей мінезің:
Мені отқа пісіретін де бір өзің,
Мені оттан түсіретін де бір өзің.
Кейде көкке барып келіп,
Қайтадан кішіретін де бір өзің.
Жаным, сенің алай-түлей мінезің:
Мені шетке ысыратын да бір өзің,
Мені көкке ұшыратын да бір өзің.
Жүрек жылуын жарып беріп,
Ақ білекті ұсынатын да бір өзің.
Жаным, сенің алай-түлей мінезің:
Мені мұңға батыратын да бір өзің,
Мені шыңға шақыратын да бір өзің.
Күміс күлкіңмен жарық беріп,
Алтын таңды атыратын да бір өзің.





Пікір жазу