13.03.2022
  134


Автор: Абдрахман Асылбек

Жаңбыр

Түсімде жаңбыр төгіп тұр,
Терезе кағып, төніп тұр.
Сезініп келген көктемді,
Қызықты деймін молықтыр.
Ұнатып тамшы тарсылын,
Жаратып жасын жарқылын,
Жүгіріп шықпақ боламын,
Жалтырап балғын балтырым.
Тамшымен таза бұраңдай,
Тараған шашың шынардай.
Талпынсам-дағы төсектен,
Жатамын біраз тұра алмай...
Атыпты арай таң жаңа,
Іздеймін сені таңдана.
Жуынып жатыр екенсің,
Ағызып суды ваннада.
Дегенім жаңбыр сол екен,
Көңілің көсір көл екен.
Селдетіп келген көктем боп,
Сүйіктім жалғыз сен екен.





Пікір жазу