meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  13.03.2022
  143


Автор: Абдрахман Асылбек

Сәл көрмесем өзіңді

Сәл көрмесем өзіңді,
Көңілді бұлт торлайды.
Тұншықтырып сезімді,
Бір ауырлық орнайды.
Естісем-ақ болғаны
Телефоннан үніңді,
Көңілімнің орманы
Серпілтеді мұңымды.
Жазылады заматта
Құрысқаны денемнің.
Күн күлімдеп қабақта,
Бағына енем өлеңнің.





Пікір жазу