13.03.2022
  304


Менің арманымдағы жоғарғы оқу орны



Әр адам дүниеге келген кезде белгілі бір нәрсеге бейім болады.Жүре-жүре бойындағы қызығұшылық арта түсіп,болашағын сол жұмыспен елестетеді.Мектепте оқып журген кезде сол мамандыққа қатысты пәндерді үтір,нүктесіне дейін зейін қойып оқиды.Сол сияқты меніңде болашағыма жоспарлаған арманым бар,ол журналистика саласына оқуға түсу,білікті маман болу.Кейде:"неге журналистика мамандығы?"деген ой келеді.Қазақстанда көптеген мамандықтар жақсы дамып жатыр.Өзімше сот ісі немесе дәрігер болайын десем оларды миға қорыту мен үшін өте қиын. Маған шығармашылық ,еркіндік,кез келген жерде формула, ереже бойынша, әлде,кітаптың жаттанды тілімен емес,халық түсінетін,оларға көмегін көмегін тигізетін мәселелерді қозғау. Халықпен жақын болу, мұң-мұқтаждарын түсініп қолдау көрсету. Бұқара мен үкімет арасында көпір болу. Менің арманым осы. Ал тәжірибелі және білікті маман болу үшін жақсы, сапалы оқу орның таңдау қажет.Ал,  менің таңдаған оқу орным-ҚазҰу.Толық мәлімет беретін болсам, сонау 1933 жылы 20 қазанда Қазақстанда мемлекеттік университет ашу үшін қаулы қабылданды.Ал, нақты 1934жылы 15 қаңтарда құрылды. Алғашында бұл оқу орнына С.М.Киров есімі берілді.Кейіннен,Тәуелсіздігімізді алғаннан соң 1991жылы 23 қазанда әйгілі философ,энциклопедист,ғалым әл-Фараби аты берілді. 1993жылы 9 қаңтарда Н.Ә.Назарбаевтың қаулысымен әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті деп аталды.88 жылдық тарихы бар,осыншама жылдар бойы алдыңғы қатарда болып,білікті өз ісінің майталмандарын дайындап келеді. Журналистика саласының қара шаңырағы осы-ҚазҰу.Мектеп мезгілі аяқталуына 2ай қалды. Жолым болып осы ЖОО-ға түсу мендік мақсат.Бәріне белгілі, шығармашылықта тек бір оқу орның таңдау керек.Мен ойланып-толғанып өз таңдауымды жасадым, артқа шегінуге, өкінуге жол жоқ. Өз бойындағы талантымды жалқаулық жалқаулықпен жойып,өмірімді өкінішпен өткізу менің жоспарымда жоқ.Мен таңдауыма талап қоя білетін адаммын. Талап тәуекелге жетелейді. Уайым түбі-тұңғиық батарсында кетерсін,тәуекел түбі жел қайық жүзерсің де кетерсің. Жоспарларым жүзеге аспайынша берілмесім анық.





Пікір жазу