13.03.2022
310
ТОЛҚЫНДАР
Бір толқынды бір толқын қуып әне барады,
Озған толқын артына бір бұрылып қарады.
Алдындағы алып шың - әділ қазы секілді,
Ат жалындай толқынды екі жаққа жарады.
Асау толқын кемердің атылады басына,
Енді бірі жағаның соғылады тасына.
Ертелі-кеш осылай ағады да жатады,
Күндіз күнді серік қып, түнде айды қасына.
Мына толқын шабандау жолды бөгеп
жасқайды,
Кейінгісі – жауынгер алға түзу бастайды.
Жынды толқын жартасты құлатуға
ұмтылса,
Бірі келіп біреуін әрі итеріп тастайды.