13.03.2022
168
ТАУЛЫҚТАР
Құлақ түріп тыңдай қалсаң сөздерін,
Ата ерлігін қайталаудан бастайды.
Найзағайға жанып алған өздерін,
Жалыныңды өртеп, кейін жасқайды.
Қасиеті болса егер жүректе,
Жігіт біткен сол дәстүрді жақтайды.
Олар жайлы жыр ет мейлі, жыр етпе
Тауда туды...
Таулық ғұрпын сақтайды.
Маңдайына бар асқақтық тиіпті-ау,
Өз таңдары жүрегінен атады.
Кей адамға арман болған биік тау,
Таулықтардың табанында жатады.