13.03.2022
144
* * *
Қан майданда аңырап бір құлаған,
Әрбір емен бір-бір адам сұлаған.
Дала – ана, сол ананың көз жасы,
Тау басынан бұлақ болып жылаған.
Найзағайдың көкте жүзген шартылАмангелді қылышының жарқылы.
Кейбір сәтте көк дауылды деп қалам,
Құс жетпеген Құлагердің қарқыны.
Мына таулар белді буған батырдай,
Шын ұрысқа кірісетін тартынбай.
Сағынышты жас арудай көк белдер
Ұйықтаған боп төсегінде жатыр жай.
Көк құрақпен киелі жер кекілді,
Қызыл құмдар еске салар секпілді.
Мына мұхит ашылып қалған ұрыста,
Кең даланың омырауы секілді.