meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  13.03.2022
  139


Автор: Рафаэль Ниязбек

* * *

Дала, дала бұлағы шындап ақты,
Өмір отын осынау шыңда жақты.
Кеңдігіндей өзінің пейілді етіп,
Дала туған дәл мендей шын қазақты.
Не көрмеді туғаннан батыр халық,
Гүл де өсті төсінде шат ырғалып.
Дала төсін қақ жарып туды олар,
Өлген соң да осында жатыр қалып.





Пікір жазу