13.03.2022
166
* * *
Қыран құстар қағып өтсе қанатын,
Арғымақтар көкке атылып қалатын.
Шабыс тілеп қосылғанда бәйгеге,
Теңіз – жаным толқып, тасып алатын.
Ол көсілсе айыздарың қанады,
Жанкүйерлер шулап естен танады.
Кей адамның жүрегіне бітпеген
Алау оттар,
Арғымақтың тұяғында жанады.