meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  13.03.2022
  200


Автор: Рафаэль Ниязбек

* * *

Ей, шабандоз, болдың күлкі, қалдың да,
Менен бұрын жүлдені бір алдың ба.
Сен қалайша тізгініңді тежейсің,
Озып біреу бара жатса алдыңда.
Дала шіркін шын жүйрікті қолдаса,
Мен несіне қиналайын жолда аса.
Шабысың да бәсеңдейді әдепкі,
Түре қуған бір қуғыншы болмаса.





Пікір жазу